Ақмола облысы Біржан сал ауданының сайлау учаскелерінің шекаралары, учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы
хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 17-бабының 2-тармағына, 23-бабының 5-тармағына, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 2 сәуірдегі «Біржан сал ауданының Еңбекшілдер ауылдық округі әкімінің кезекті және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Кеңащы ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы» № 38 қаулысына, Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 6 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне сәйкес, Біржан сал ауданының сайлау учаскелерінің шекараларын, учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамдарын хабарлаймыз.
№ 262 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Кеңащы ауылы, «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Кеңащы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Ақан сері көшесі, 33 құрылыс, тел: 8 (71639) 3-02-48.
Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Кеңащы ауылы.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төраға – Мақұлов Уәлихан Темірханұлы; төрағаның орынбасары – Маймақова Дина Кәрімжанқызы; хатшы - Ерболат Адай; комиссия мүшелері: Абылқалықова Жанар Елубайқызы, Мұхамеджанова Айнұр Қадырқызы.
№ 270 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Еңбекшілдер ауылы, «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Еңбекшілдер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Орталық көшесі, 24 құрылыс, тел: 8 (71639) 3-13-20.
Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Еңбекшілдер ауылы, Ақбұлақ ауылы, Ақтас ауылы.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төрайым - Нұржасарова Айнагүл Мейрамбекқызы; төрайымның орынбасары - Салықова Зәулем Баранбайқызы; хатшы – Ахметова Шолпан Мұратқызы; комиссия мүшелері: Заитова Қымбат Қағырынқызы, Мағауова Жанар Базарбайқызы.
Біржан сал ауданының әкімі
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы