Біржан сал ауданының Еңбекшілдер ауылдық округі әкімінің
кезекті сайлауы бойынша сайлау округінің шекарасын құру,
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
орналасқан жері мен құрамы туралы
Хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 2 сәуірдегі «Біржан сал ауданының Еңбекшілдер ауылдық округі әкімінің кезекті сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» № 37 қаулысына сәйкес, Біржан сал ауданының Еңбекшілдер ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз:
Біржан сал ауданының Еңбекшілдер ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы бойынша сайлау округі – Еңбекшілдер ауылдық округінің шекарасындағы Еңбекшілдер сайлау округі;
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Жақан Сыздықов көшесі, 2а құрылыс, 13, 17 каб., тел.: 8 (71639) 2-22-27.
Комиссия төрағасы – Шәуенов Серік Жанатұлы; төрағаның орынбасары - Ақышев Қуат Қажыбайұлы; хатшысы – Бермағанбетова Зылқия Қантайқызы; комиссия мүшелері: Баяубаев Саят Аманжолұлы, Мамиков Бектас Өренханұлы, Нәтиева Динара Көпжасарқызы, Нұрғалиев Руслан Наилұлы.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы