Біржан сал ауданының Еңбекшілдер ауылдық округі әкімінің
кезекті және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Кеңащы ауылы әкімінің сайлауын 2025 жылдың 11 мамырға тағайындау туралы
Хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының 1 тармағының 1) және 3) тармақшаларына, 2 және 3 тармағына сәйкес, «Біржан сал ауданының Еңбекшілдер ауылдық округі әкімінің кезекті және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Кеңащы ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 38 қаулысына сәйкес, сайлау 2025 жылдың 11 мамырға тағайындалғанын хабарлаймыз.
Бұдан басқа, Еңбекшілдер ауылдық округі әкімінің кезекті және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Кеңащы ауылы әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылған (Біржан сал ауданы әкімдігінің сайты, «Сайлау» қосымша беті).
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы