Біржан сал ауданының Еңбекшілдер ауылдық округі әкімінің кезекті және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Кеңащы ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы қаулысы

Ақмола облысы

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Біржан сал ауданының Еңбекшілдер ауылдық округінің әкімін

кезекті сайлауды және Кеңащы ауылының әкімін мерзімінен бұрын сайлауды тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2 тармақшасы мен 8-1 тармақшасына,
113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасы мен 2 тармақшасына және
3 тармағына сәйкес, Біржан сал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Еңбекшілдер ауылдық округінің әкімін кезекті сайлау және Кеңащы ауылының әкімін өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайлау 2025 жылғы 11 мамырға белгіленсін.
  2. Сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Еңбекшілдер жаршысы» - Вести Енбекшильдерья» газетінде жариялансын.

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                        С. Шәуенов

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                              З. Бермағанбетова

 

 

 

 

Степняк қаласы,

2025 жылғы 2 сәуір,

№ 38

Дата публикации
02 апреля 2025