БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ 16 НАУРЫЗҒА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН СТЕПНЯК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
2025 жылғы 16 наурызда Степняк сайлау округі бойынша Біржан сал ауданының Степняк қаласы әкімінің сайлауы өтті.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14–бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Біржан сал ауданының Степняк қаласы әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Степняк қаласы әкімінің сайлауы бойынша Степняк сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2715 азамат енгізілді, олардың ішінде 1160 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 83, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 89.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
С.Қ. Бермағамбетов – 764; А.Ж. Қаматаева – 125; Г.Н. Ташмағамбетова - 99.
Біржан сал ауданы Степняк қаласының әкімі болып Самат Қайырбекұлы Бермағамбетов, 1985 жылы туған, Біржан сал ауданының «Кеңащы ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Степняк қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы