Біржан сал ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 тамыздағы № а-7/175 «Біржан сал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Біржан сал ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 тамыздағы № а-7/175

«Біржан сал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»

қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Біржан сал ауданы әкімдігінің «Біржан сал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2021 жылғы 2 тамыздағы № а-7/175 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23919 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулысының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының                    1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
06 марта 2025