2025 жылғы 16 наурызға тағайындалған Біржан сал ауданының Степняк қаласы әкімінің сайлауына кандидаттарды қорытынды тіркеу туралы хабарлама

2025 жылғы 16 наурызға тағайындалған Біржан сал ауданының

Степняк қаласы әкімінің сайлауына кандидаттарды

қорытынды тіркеу туралы хабарлама

 

         Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:

  1. Әкімдікке кандидаттар болып тіркелсін:

 

Самат Қайырбекұлы Бермағамбетовты, 1985 жылы туған, Біржан сал ауданының «Кеңащы ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Степняк қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

Гүлмира Неғметжанқызы Ташмағамбетованы, 1973 жылы туған, Біржан сал ауданының «Макинка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Макинка ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

Аймерей Жанатқызы Қаматаеваны, 1994 жылы туған, Біржан сал ауданының «Үлгі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Үлгі ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

Жақсылық Тұрғынұлы Азнабаевты, 1982 жылы туған, «Макинск Құс фабрикасы» ЖШС-нің cанитарлық дайындық учаскесінің учаскі шебері, Степняк қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

 

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
21 февраля 2025