«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, 2 тармағына сәйкес, «Біржан сал ауданының Степняк қаласы әкімінің кезекті сайлауын тағайындау туралы» Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 ақпандағы № 29 қаулысына сәйкес 2025 жылдың 16 наурызға Степняк қаласы әкімінің сайлауы тағайындалғанын хабарлаймыз.
Бұдан басқа, Степняк қаласы әкімінің кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылған (Біржан сал ауданы әкімдігінің сайты, «Сайлау» қосымша беті).
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы