Біржан сал ауданының Степняк қаласы әкімінің кезекті сайлауын тағайындау туралы қаулы

Ақмола облысы

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Біржан сал ауданының Степняк қаласы әкімінің

кезекті сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, 2 тармағына сәйкес, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. 2025 жылғы 16 наурызға Біржан сал ауданының Степняк қаласы әкімінің сайлауы тағайындалсын.

 

  1. Осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 16 наурызға тағайындалған, Степняк қаласы әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

 

  1. Осы қаулының № 2 қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 16 наурызға тағайындалған, Степняк қаласы әкімінің сайлауын дайындау және өткізу кезеңіндегі Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің Кезекшілік кестесі бекітілсін.

 

  1. Осы қаулы Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Еңбекшілдер жаршысы» - Вести Енбекшильдерья» газетінде жариялансын.

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                    С. Шәуенов

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                             З. Бермағанбетова

 

 

 

 

Степняк қаласы,

2025 жылғы 5 ақпан,

№ 29

Дата публикации
05 февраля 2025