2025 жылғы 19 қаңтарда өткен Біржан сал ауданы Баймырза ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама
2025 жылғы 19 қаңтарда Баймырза сайлау округі бойынша Біржан сал ауданының Баймырза ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14–бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Біржан сал ауданының Баймырза ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Баймырза ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Баймырза сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 261 азамат енгізілді, олардың ішінде 185 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 13, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 0.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Р.Б. Жахин – 82; О.В. Жукова – 1; Ә.Т. Сәдуақасова- 89.
Баймырза ауылдық округінің әкімі болып Әлия Талғатбекқызы Сәдуақасова, 1978 жылы туған, Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Баймырза ауылының тұрғыны. «AMANAT» партиясымен ұсынылған.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы