2025 жылғы 19 қаңтарға тағайындалған Біржан сал ауданының Баймырза ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды қорытынды тіркеу туралы хабарлама

2025 жылғы 19 қаңтарға тағайындалған Біржан сал ауданының

Баймырза ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды қорытынды тіркеу туралы хабарлама

 

          Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:

  1. Әкімдікке кандидаттар болып тіркелсін:

 

Әлия Талғатбекқызы Сәдуақасованы, 1978 жылы туған, Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Баймырза ауылының тұрғыны. «AMANAT» партиясымен ұсынылған.

Рүстем Болатұлы Жахинды, 1997 жылы туған, «Біржан сал ауданы әкімі аппараты» ММ-нің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, Степняк қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

Ольга Владимировна Жукованы, 1985 жылы туған, Біржан сал ауданының «Заозерное ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Заозерное ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

 

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
25 декабря 2024