Біржан сал ауданының Баймырза ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын 2025 жылдың 19 қаңтарға тағайындау туралы Хабарлама

Біржан сал ауданының Баймырза ауылдық округі әкімінің

кезекті сайлауын 2025 жылдың 19 қаңтарға тағайындау туралы

Хабарлама

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, 2 тармағына сәйкес, «Біржан сал ауданының Баймырза ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын тағайындау туралы» Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 25 қаулысына сәйкес 2025 жылдың 19 қаңтарға Баймырза ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалғанын хабарлаймыз.

 

Бұдан басқа, Баймырза ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылған (Біржан сал ауданы әкімдігінің сайты, «Сайлау» қосымша беті).

 

 

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Дата публикации
11 декабря 2024