Ақмола облысы
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Біржан сал ауданының Баймырза ауылдық округі әкімінің
кезекті сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, 2 тармағына сәйкес, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 19 қаңтарға Біржан сал ауданының Баймырза ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 19 қаңтарға тағайындалған, Баймырза ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулының № 2 қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 19 қаңтарға тағайындалған, Баймырза ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу кезеңіндегі Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің Кезекшілік кестесі бекітілсін.
- Осы қаулы Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Еңбекшілдер жаршысы» - Вести Енбекшильдерья» газетінде жариялансын.
Аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы С. Шәуенов
Аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы З. Бермағанбетова