Біржан сал ауданының Баймырза ауылдық округі әкімін кезекті сайлау бойынша сайлау округін құру туралы қаулысы

 

Ақмола облысы

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Біржан сал ауданының Баймырза ауылдық округі әкімін

кезекті сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                      4-тармағына, 22-бабына сәйкес Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Біржан сал ауданының Баймырза ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы бойынша сайлау округі – Баймырза ауылдық округінің шекарасында Баймырза сайлау округі құрылсын;

 

  1. Сайлау округінің тізімі, оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Еңбекшілдер жаршысы - Вести Енбекшильдерья» газетінде жариялансын.

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                   С. Шәуенов

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                             З. Бермағанбетова

 

 

 

 

Степняк қаласы,

2024 жылғы 11 желтоқсан,

№ 24

 

Дата публикации
11 декабря 2024