Функционалдық міндеттері
туу, қайтыс болу жағдайларын уақтылы тіркеу, әке болуды анықтау мәселелерін шешуді қамтамасыз ету, орталық аудандық аурухананың перзентхана бөлімшесінің тізімдерімен жұмыс істеу, кәмелетке толмағандардың акт жазбаларына ата-аналарының өтініштері бойынша және АІІБ-нің ұлтының өзгеруі туралы анықтамалары бойынша түзету енгізу, туу, қайтыс болу жағдайларын тіркеу, неке қию және некені бұзу бойынша алфавиттік кітаптар жүргізу, азаматтардың жазбаша сұрауларына жауап беру, қайталама құжаттар беру, көрсетілген мәселелер бойынша іс жүргізуге жауап беру, некені салтанатты тіркеуді жүргізу, Ф-97 бойынша есеп жасау, елтаңбалық бланкілердің қозғалысы бойынша, азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша ауылдық округ мамандарының жұмысына жетекшілік ету, барлық отбасылық дәрігерлік амбулаториялардың сот-медициналық сараптамаларының тізімдерімен жұмыс істеу, ЗТМО-да, әскери комиссариатта, салық комитетінде қайтыс болғандардың тізімін ұсыну. Өтінішті тіркеу және акт жазбаларына түзету туралы қорытынды жасау, дәстүрге сәйкес кәмелетке толмағандардың тегін өзгерту бойынша істер жүргізу, азаматтардың жазбаша сұрауларына жауаптардың уақтылы жүргізілуін бақылау, пошта шығыстарын тіркеу мен есептілікті жүргізу.Басқарманың және АХАТ-тың басқа органдарынан некені бұзу және басқа да түрлері бойынша келген хабарламалармен жұмыс. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары мен стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету. Күрделі санаттағы істерді қалыптастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына түзетулер енгізу, архивті салыстырып тексеру, азаматтық хал актілерінің жазбаларын АХАЖ РП базасымен жүргізу. Актілердің қосарланған жазбаларын жоюға арналған мәліметтерді және жоқ актілердің жазбаларын сканерлеуге арналған мәліметтерді ұсыну. Ағымдағы істерді өңдеу, сақтау мерзімі өткен құжаттарды есептен шығару. Бөлім басшылығымен айқындалатын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.