2024 жылғы 16 маусымда өткен Біржан сал ауданы Уәлихан ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама

2024 жылғы 16 маусымда өткен Біржан сал ауданы Уәлихан ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама

 

2024 жылғы 16 маусымда Уәлихан сайлау округі бойынша Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 – бабының 9) тармақшасына, 44 - бабының 2 - тармағына, 113 - 10 - бабына сәйкес, Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Уәлихан сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 160 азамат енгізілді, олардың ішінде 88 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 1, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 1. 

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:                        

Р.Б. Жахин – 0; А.М. Зейнатулин – 17; Н.А. Шәкіров - 69.

Уәлихан ауылдық округінің әкімі болып Нұрбек Аманжолұлы Шәкіров, 1972 жылы туған, Біржан сал ауданының «Уәлихан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Степняк қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылды.  

 

 

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
17 июня 2024