Ақмола облысы Біржан сал ауданының сайлау учаскелерінің шекаралары, учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы
Хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 17-бабының 2-тармағына, 23-бабының 5-тармағына, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 8 мамырдағы «Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» № 18/16 қаулысымен, «Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 6 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Біржан сал ауданы әкімінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 1 шешіміне сәйкес, Біржан сал ауданының сайлау учаскелерінің шекараларын, учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамдарын хабарлаймыз.
№ 268 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Уәлиханов ауылы, Біржан сал ауданының «Уәлихан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Ленин көшесі, 2 құрылыс, тел: 8 (71639) 3-13-19.
Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Уәлиханов ауылы.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төрайым -Қыздарбекова Жанат Боқжанқызы; төрайымның орынбасары - Оспанова Қанат Құбайдоллақызы; хатшы – Капаева Әсемгүл Жетпісбайқызы; комиссия мүшелері: Комсомол Тамаша, Самбай Сара.
№ 271 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Алға ауылы, «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Алға ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Абылай хан көшесі, 11 құрылыс, тел: 8 (71639) 3-13-43.
Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Алға ауылы.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төрайым - Қауданова Қымбат Қауданқызы; төрайымның орынбасары – Булатов Марат Олжабайұлы; хатшы – Булатова Орынбасар Зейноллақызы; комиссия мүшелері: Бүркітхан Шамсали, Отарбаев Сейілбек Жанғожаұлы.
Біржан сал ауданының әкімі
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы