Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округінің шекарасын құру, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы
Хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 8 мамырдағы «Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы» № 18/15 қаулысына сәйкес, Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз:
Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі - Уәлихан ауылдық округінің шекарасындағы Уәлихан сайлау округі;
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы,
Жақан Сыздықов көшесі, 2а құрылыс, 13, 17 каб., тел. 8 (71639) 2-22-27.
Комиссия төрағасы – Шәуенов Серік Жанатұлы; төрағаның орынбасары – Баяубаев Саят Аманжолұлы; хатшы – Ақышев Қуат Қажыбайұлы; комиссия мүшелері: Бермағанбетова Зылқия Қантайқызы, Мамиков Бектас Өренханұлы, Нәтиева Динара Көпжасарқызы, Нұрғалиев Руслан Наилұлы.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы