Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы ҚАУЛЫСЫ

Ақмола облысы

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14, 113-1 баптарына сәйкес Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. 2024 жылғы 16 маусымға Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.

 

  1. Осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 16 маусымға тағайындалған, Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

 

  1. Осы қаулының № 2 қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 16 маусымға тағайындалған, Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу кезеңіндегі Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің Кезекшілік кестесі бекітілсін.

 

  1. Осы қаулы Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Еңбекшілдер жаршысы» - «Вести Енбекшильдерья» газетінде жариялансын.

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                         С. Шәуенов

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                            Қ. Ақышев

 

 

 

 

Степняк қаласы,

2024 жылғы 8 мамыр,

№ 18/16

 

 

Дата публикации
08 мая 2024