Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы қаулысы

Ақмола облысы

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімін

сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі – Уәлихан ауылдық округінің шекарасында Уәлихан сайлау округі құрылсын;

 

  1. Сайлау округінің тізімі, оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Еңбекшілдер жаршысы - Вести Енбекшильдерья» газетінде жариялансын.

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                  С. Шәуенов

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                                 Қ. Ақышев

 

Степняк қаласы,

2024 жылғы 8 мамыр,

№ 18/15

 

 

 

Дата публикации
08 мая 2024