«Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Біржан сал ауданының мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № С-8/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 ЖОБА

 

 

«Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Біржан сал ауданының мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № С-8/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Біржан сал ауданының мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № С-8/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8689-03 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Дата публикации
16 апреля 2024