2024 жылғы 18 ақпанға тағайындалған Біржан сал ауданының Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды қорытынды тіркеу туралы хабарлама

2024 жылғы 18 ақпанға тағайындалған Біржан сал ауданының Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды қорытынды тіркеу туралы хабарлама

 

          Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:

  1. Әкімдікке кандидаттар болып тіркелсін:

 

Рүстем Болатұлы Жахинды, 1997 жылы туған, «Біржан сал ауданы әкімі аппараты» ММ-нің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, Степняк қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

Нұрлан Қадырбекұлы Шоқаевты, 1975 жылы туған, «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Аңғал батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің директоры, Аңғал батыр ауылының тұрғыны. «AMANAT» партиясымен ұсынылған.

Қанат Рамазанұлы Иманқұловты, 1986 жылы туған, Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ-нің бас маманы, Степняк қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

         

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 января 2024