2024 жылғы 18 ақпанға белгіленген Біржан сал ауданының Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттар ұсыну туралы хабарлама

2024 жылғы 18 ақпанға белгіленген Біржан сал ауданының Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттар ұсыну туралы хабарлама

2024 жылғы 15 қаңтарда Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабының 1-тармағына сәйкес өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған 2 кандидаттан құжаттар келіп түсті.

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Біржан сал ауданының Аңғал батыр ауылдық округі әкіміне сайлауға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда тиісті органдарға сұрау салу негізінде қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейтін болады.

2024 жылғы 18 ақпанға тағайындалған Біржан сал ауданы Аңғал батыр ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 11 қаңтар мен ағымдағы жылғы 23 қаңтар аралығында (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады

 

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 января 2024