«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына сәйкес, Біржан сал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Біржан сал ауданының аумағында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарнаның 2024 жылға арналған мөлшерлемесі болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Лауазымы Аты-жөні