Біржан сал ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Біржан сал ауданында бөлшек

салықтың арнаулы салық режимін

қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің

мөлшерін төмендету туралы

 

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Біржан сал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Біржан сал ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендетсін.

2.Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Біржан сал аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                      Н. Қуатова

 

Дата публикации
17 января 2024