Біржан сал ауданының Анғал батыр ауылдық округі әкімінің сайлауын
2024 жылдың 18 ақпанға тағайындау туралы
Хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14, 113-1 бабына, «Біржан сал ауданының Анғал батыр ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 1/4 қаулысына сәйкес 2024 жылдың 18 ақпанға Анғал батыр ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалғанын хабарлаймыз.
Бұдан басқа, Анғал батыр ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылған (Біржан сал ауданы әкімдігінің сайты, «Сайлау» қосымша беті).
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы