Біржан сал ауданы Анғалбатыр ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы қаулы

 

 

Ақмола облысы Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Степняк қ.                                           № 1/4                    2024 жылғы 10 қаңтар

                                                                       

 

Біржан сал ауданының Анғал батыр ауылдық округі әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14, 113-1 баптарына сәйкес Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. 2024 жылғы 18 ақпанға Біржан сал ауданының Анғал батыр ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.

 

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 18 ақпанға тағайындалған Біржан сал ауданының Анғал батыр ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

 

  1. Осы қаулы Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Еңбекшілдер жаршысы» газетінде жариялансын.

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                        С. Шәуенов

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                                        Қ. Ақышев

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 января 2024