2023 жылғы 24 желтоқсанына тағайындалған Біржан сал ауданының Заозерное ауылы әкімінің сайлауына кандидаттарды қорытынды тіркеу туралы хабарлама
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:
Жұмабек Рахимғалиұлы Әубәкіровті, 1967 жылы туған, «Atameken Astyk Agro» ЖШС-нің директоры, Андықожа батыр ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Бақтияр Маратұлы Мұстафинды, 1986 жылы туған, Біржан сал ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің бөлім басшысы, Степняк қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы