БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ 2023 ЖЫЛҒЫ 24 ЖЕЛТОҚСАНҒА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЗАОЗЕРНОЕ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылғы 24 желтоқсанда бір сайлау округі бойынша Біржан сал ауданының Заозерное ауылы әкімінің сайлауы өтті.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комииссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 - бабы 9) тармақшасы, 44 - бабы 2) тармағы, 45 - бабы, 113 - 10 - бабына сәйкес, Біржан сал ауданының Заозерное ауылы әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Заозерное ауылы әкімінің сайлауы бойынша Заозерное сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 170 азамат енгізілді, олардың ішінде 125 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 14, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 13.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ж.Р. Әубәкіров – 87; Б.М. Мұстафин – 11.
Заозерное ауылының әкімі болып өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған, 1967 жылы туған, «Atameken Astyk Agro» ЖШС-нің директоры, Андықожа батыр ауылының тұрғыны, Жұмабек Рахимғалиұлы Әубәкіров сайланды.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы