«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14, 113-1 бабына, «Біржан сал ауданының Заозерное ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 11/34 қаулысына сәйкес 2023 жылдың 24 желтоқсанына Заозерное ауылы әкімінің сайлауы тағайындалғанын хабарлаймыз.
Бұдан басқа, Заозерное ауылы әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітіліп, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылды. (Біржан сал ауданы әкімдігінің сайты, «Сайлау» қосымша беті).
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы