Біржан сал ауданының Заозерное ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Ақмола облысы Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Степняк қ.                                           № 11/34                    2023 жылғы 15 қараша

                                                                       

 

Біржан сал ауданының Заозерное ауылы әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14, 113-1 баптарына сәйкес Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. 2023 жылғы 24 желтоқсанға Біржан сал ауданының Заозерное ауылы әкімінің сайлауы тағайындалсын.

 

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалған Біржан сал ауданының Заозерное ауылы әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

 

  1. Осы қаулы Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Еңбекшілдер жаршысы» газетінде жариялансын.

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                    Ө. Жомартов

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                                        Қ. Ақышев

 

 

 

Дата публикации
15 ноября 2023