Біржан сал ауданының Заозерное ауылы әкімінің сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

Ақмола облысы Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

               

Степняк қ.                                          № 11/33                 2023 жылғы 15 қараша

 

 

Біржан сал ауданының Заозерное ауылы әкімінің

сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Біржан сал ауданының Заозерное ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі – Заозерное ауылы шегінде Заозерное сайлау округі құрылсын;

 

  1. Сайлау округінің тізімі, оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Еңбекшілдер жаршысы» газетінде жариялансын.

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                 Ө. Жомартов

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                                    Қ. Ақышев

Дата публикации
15 ноября 2023