«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Біржан сал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Біржан сал ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендетсін.
2.Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Біржан сал аудандық
мәслихатының төрағасы Н. Қуатова