Біржан сал ауданының Бірсуат ауылдық округінің әкімін сайлаудың нәтижелері туралы хабарлама.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комииссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 - бабы 9) тармақшасы, 44 - бабы 2) тармағы, 45 - бабы, 113 - 10 бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Біржан сал ауданы Бірсуат ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын шығарды:
Бірсуат сайлау округі Бірсуат ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша: сайлаушылар тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың саны 387 азамат, соның ішінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 330. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 13, «Бәріне қарсымын» белгі қойылған – 13.
Кандидаттарға берілген дауыстар саны: Бостанов В.Б. – 139; Мүрсәлімов С.Т. – 165.
Бірсуат ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған, 1962 жылы туған, ЖШС «Баймырза-Агро» орталық ТОКтың меңгерушісі, Біржан сал ауданы Бірсуат ауылының тұрғыны, Сайран Тапешұлы Мүрсәлімов сайланды.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 15 ақпандағы шешімімен 2023 жылғы 12 ақпанда сайланған Біржан сал ауданының Бірсуат ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы