Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
№ 10/34 2020 жылғы 15 мамыр
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1 бабының
10-тармағына, 2-тармағының, 4) тармақшасына және Біржан сал аудан әкімінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі хатына сәйкес Біржан сал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округінің шығып қалған әкімінің орнына кезектен тыс сайлауы 2020 жылғы 26 маусымға тағайындалсын.
2. Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округінің шығып қалған әкімінің орнына кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін (қосымша).
3. Осы қаулы Біржан сал аудандық мәслихатына, аудан әкімі аппаратына және облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Комиссия төрағасы А. Овсянников
Комиссия хатшысы Қ. Балташев