«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерінің өткізілу қорытындысы туралы халықты ақпараттандыруды жақсарту мақсатында аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Біржан сал ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің 2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында есеп беру кездесулерінде тұрғындар айтқан ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру жөніндегі қоса берілген іс-шаралар Жоспары бекітілсін (әріде – іс-шаралар Жоспары).
2. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына, Аңғал батыр, Макинка, Заураловка және Бірсуат ауылдық округтерінің әкімдеріне іс-шаралар Жоспарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
3. Біржан сал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімі іс-шаралар Жоспарын аудандық «Еңбекшілдер жаршысы – Вести Енбекшильдерья» газетінде жарияласын, және әр тоқсанның қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы және олардың жүзеге асырылуы жөнінде аудан халқын хабардар етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарлары К.Д. Шәймерденовке, О.Т. Ахметоваға және аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Н. Нұрғалиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Біржан сал аудан әкімі Е. Нұғыманов
Біржан сал ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің 2020 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы
есеп беру кездесулерінде тұрғындар айтқан ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар
бойынша 2020 жылдың 1 сәуірге дейінгі орындалу барысы туралы
ақпарат
|
Рет. № |
Ұсыныс атауы |
Орындалу мерзімі |
Атқарылған істер |
Ескеру |
|
1. |
Аңғал батыр ауылында су құбыры желілерін қайта жаңарту |
2020 жылдың 1 қарашасына дейін |
2020 жылғы 24 қаңтарда Аңғал батыр ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңартуға алдын ала біліктілік іріктеуімен конкурс жарияланды. Бүгінгі күні конкурстың қорытындысы камералдық бақылау органдарында қарастырылуда. Орындалуда |
|
|
2. |
Заурал ауылының көшелеріне жарықтандыру қондырғыларын орнату |
2020 жылдың 1 шілдесіне дейін |
Орындалуда |
|
|
3. |
Бірсуат ауылдық округі, Бірсуат ауылының көшелеріне жарықтандыру қондырғыларын орнату |
2020 жылдың 1 шілдесіне дейін |
Орындалуда |
|
|
4. |
Макинка ауылында бейнебақылау камераларын орнату |
2020 жылдың 1 қазанға дейін |
Орындалуда |
|
Біржан сал ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің 2020 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы есеп беру кездесулерінде тұрғындар айтқан ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар
ЖОСПАРЫ
|
№ р/р |
ұсыныс атауы |
орындалу мерзімі |
орындауға жауаптылар |
қаржыландыру көзі |
ескертпе |
|
1. |
Аңғал батыр ауылында су құбыры желілерін қайта жаңарту |
2020 жылдың 1 қарашасына дейін |
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Аңғал батыр ауылдық округінің әкімі |
республикалық бюджет |
- |
|
2. |
Заурал ауылының көшелеріне жарықтандыру қондырғыларын орнату |
2020 жылдың 1 шілдесіне дейін |
Заурал ауылы округінің әкімі |
аудандық бюджет |
- |
|
3. |
Бірсуат ауылдық округі, Бірсуат ауылының көшелеріне жарықтандыру қондырғыларын орнату |
2020 жылдың 1 шілдесіне дейін |
Бірсуат ауылы округінің әкімі |
аудандық бюджет |
- |
|
4. |
Макинка ауылында бейнебақылау камераларын орнату |
2020 жылдың 1 қазанға дейін |
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Макинка ауылы округінің әкімі |
аудандық бюджет |
- |