Ақмола облысы Біржан сал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Степняк қ. № 1/19 2022 жылғы 21 каңтар
Біржан сал ауданының Макинка ауылдық округі әкімінің
сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Біржан сал ауданының аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Біржан сал ауданының Макинка ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру:
1) Макинка ауылдық округінің әкімі - Макинка сайлау округі Макинка ауылдық округінің шекараларында;
2. Сайлау округінің тізімі оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Біржан сал ауданының аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Еңбекшілдер жаршысы" газетінде жариялансын.
Сайлау комиссиясының
төрағасы Ө. Жомартов