2021 жылғы 9 шілдеде сағат 18: 00-де кандидаттарды ұсынудың бірінші кезеңі аяқталды. Аудан бойынша барлығы 6 сайлау округінде 18 кандидат ұсынылды, оның ішінде 4 (22,2%) – саяси партиялармен, 14 (77,8%) - өзін-өзі ұсынумен.
"Nur Otan" саяси партиясы 4 сайлау округі бойынша кандидатураларды ұсынды.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2021 жылғы 14 шілдеде 18:00-де аяқталады.
2021 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша барлық округтерде үш кандидат ұсынылды.
Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.
2021 жылғы 13 шілдедегі жағдай бойынша 18 кандидат тіркелген (100,0%).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы