Ақмола облысы Біржан сал ауданының аудандық сайлау комиссиясының қаулысы «Біржан сал ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің сайлау округтерін құру туралы»

Ақмола облысы Біржан сал ауданының аудандық сайлау комиссиясының 

ҚАУЛЫСЫ

Біржан сал ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің

сайлау округтерін құру туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Біржан сал ауданының аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Біржан сал ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру:

1) Ақсу ауылы әкімі - Ақсу сайлау округі Ақсу ауылының шекараларында;

2) Кеңащы ауылының әкімі - Кеңащы сайлау округі Кеңащы ауылының шекараларында;

3) Аңғал батыр ауылдық округінің әкімі - Аңғал батыр сайлау округі Аңғал батыр ауылдық округінің шекараларында;

4) Бірсуат ауылдық округінің әкімі – Бірсуат сайлау округі Бірсуат ауылдық округінің шекараларында;

5) Донской ауылдық округінің әкімі - Донской сайлау округі Донской ауылдық округінің шекараларында;

6) Заураловка ауылдық округінің әкімі - Заураловка сайлау округі Заураловка ауылдық округінің шекараларында.

  1. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Біржан сал ауданының аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Еңбекшілдер жаршысы" газетінде жариялансын.

Сайлау комиссиясының

төрағасы Ө. Жомартов

Сайлау комиссиясының

хатшысы Ә. Қайдаров

Степняк қ.

2021 жылғы 25 маусым

№ 22

Дата публикации
25 июня 2021