Ақмола облысы Біржан сал ауданының аудандық сайлау комиссиясының Қаулысы «Біржан сал ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы»

Ақмола облысы Біржан сал ауданының аудандық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ 

Біржан сал ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Біржан сал ауданының аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге Біржан сал ауданында сайлау тағайындалсын:

- Ақсу ауылының әкімі;

- Кеңащы ауылының әкімі;

- Аңғал батыр ауылдық округінің әкімі;

- Бірсуат ауылдық округінің әкімі;

- Донской ауылдық округінің әкімі;

- Заураловка ауылдық округінің әкімі.

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Біржан сал ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  1. Осы қаулы Біржан сал ауданы аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Еңбекшілдер жаршысы" газетінде жариялансын.

Сайлау комиссиясының төрағасы Ө. Жомартов

Сайлау комиссиясының хатшысы Ә. Қайдаров

Степняк қ. 2021 жылғы 25 маусым № 23

Дата публикации
25 июня 2021