2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Біржан сал ауданы мәслихатының депутаттарының кезектен тыс сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы Ақмола облысы Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Ақмола облысы Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Біржан сал ауданы

мәслихатының депутаттарының кезектен тыс сайлауды

дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы  13 қазандағы «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» № 60/99 қаулысына сәйкес, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Біржан сал ауданы мәслихатының депутаттарын кезектен тыс сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                     С. Шәуенов

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                     З. Бермағанбетова

 

 

 

 

Степняк қаласы,

2026 жылғы 13 қазан,

№ 98

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Біржан сал ауданы мәслихатының депутаттарының кезектен тыс сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы Ақмола облысы Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
16 октября 2026