"Маңдайшаны республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

"Маңдайшаны республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

1) республикалық маңызы бар қалада, астанада - республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы;

2) облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте - облыстық маңызы бар қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органы.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

жоқ

3.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асады.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Құжаттар қабылданған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күні.

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетудің нысаны

Электрондық/ішінара цифрландырылған және қағаз түрінде.

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Маңдайша эскизін келісу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

8.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес (Астана қаласы сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 07.30-дан 17.00-ге дейін; Алматы облысы сағат 12.30-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін; Шығыс Қазақстан облысы сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін; Ақтөбе облысы 12.30-дан 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.30-дан 17.30-ға дейін; Алматы қаласы сағат 12.30-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.30-дан 18.00-ге дейін; Маңғыстау облысы сағат 12.30-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін; Жетісу облысы, Атырау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Абай облысы, Жамбыл облысы, Батыс Қазақстан облысы, Ұлытау облысы, Ақмола облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін; Түркістан облысы, Қызылорда облысы, Шымкент қаласы 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін);

2) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш;

2) маңдайша эскизі;

3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

Портал арқылы:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш;

2) маңдайша эскизінің электрондық көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік цифрлық жүйелерден Портал арқылы алады.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;

6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

11.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері бойынша, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

 

правила
Дата публикации
05 октября 2026