Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 4 қазанда өткен Біржан сал ауданы Уәлихан және Үлгі ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындысы туралы хабарлама
2026 жылғы 4 қазанда Біржан сал ауданы Уәлихан және Үлгі ауылдық округтерінің әкімдерін екі сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14–бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Уәлихан сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 160 азамат енгізілді, олардың ішінде 97 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 1, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 20.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
А.М. Зейнатулин – 60; М.М. Нұрмағамбетова – 16.
Уәлихан ауылдық округінің әкімі болып Асылбек Медхатұлы Зейнатулин, 1970 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Уәлиханов ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14–бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Біржан сал ауданының Үлгі ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Үлгі ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Үлгі сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 950 азамат енгізілді, олардың ішінде 640 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 6, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 7.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
М.Т. Ерхатов – 545; А.Ж. Нұрмұқанов – 75; Б.А. Шәріпов – 7.
Үлгі ауылдық округінің әкімі болып Марат Тасболатұлы Ерхатов, 1973 жылы туған, Біржан сал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жеңіс» дене шынықтыру-сауықтыру кешені» МКҚК-ның спорт ғимаратының меңгерушісі, Үлгі ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы