Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы № 750
«Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 «Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) объектінің бірегей нөмірі (бұдан әрі – ОБН) – объекті туралы ақпаратты (мәліметтерді) құрылыс жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды алғаннан бастап объектіні пайдалануға қабылдағанға дейін жинау, объектіге мониторинг жүргізу мақсатында мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесінде қалыптастырылатын он сегіз таңбалы сәйкестендіру нөмірі;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Елді мекендердің аумағында әртүрлі мақсаттағы объектілерді өз бетінше салуға жол берілмейді.»;
27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Жобаланатын инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттар беруге жол берілмейді, бұған «Сарыарқа» газ құбырының магистральдық және тарату желілері кірмейді.
Сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ) және техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады.
Құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан астам уақытқа асып кеткен жағдайда, құрылыс жұмыстарының басталғанын растайтын құжаттар ұсынылған кезде СЖТ және техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыс кезеңіне ұзартылады.
Құрылыс жұмыстарының басталғанын растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, берілген күннен бастап үш жыл өткен соң СЖТ және техникалық шарттар жарамсыз деп есептеледі.
Жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі – ЖАО) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) берген шешімі объект пайдалануға енгізілгенге дейін қолданылады.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Реконструкциялау (қайта жабдықтау, қайта жоспарлау) жобалары бойынша, көтергіш және қоршау (сыртқы) конструкцияларға, инженерлік жүйелер мен жабдықтарға әсер етпейтін жағдайларды қоспағанда, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы әзірленеді, ол міндетті сараптамаға жатады.
Көрсетілген жағдайларда жобаны іске асыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу алдында тапсырыс беруші аттестатталған сарапшыларды тарта отырып, қолдан