Біржан сал ауданы Уәлихан ауылдық округінің әкіміне үміткер Орынбек Қонысбекұлы Алтаевты тіркеудің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5, 113-6 баптарына сәйкес және 2026 жылғы 29 қыркүйектегі өз кандидатурасын кері қайтарып алу туралы Орынбек Қонысбекұлы Алтаевтың өтініші негізінде, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
Біржан сал ауданы Уәлихан ауылдық округінің әкіміне үміткер Орынбек Қонысбекұлы Алтаевты тіркеудің күші жойылсын.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы