Біржан сал ауданы әкімі
аппараты басшысының
2026 жылғы «___» ________
№ __________ бұйрығымен бекітілген
«Біржан сал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
1 тарау. Жалпы ережелер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Біржан сал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік орган) қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттері мен мінез-құлқы жөніндегі ұсынымдарды айқындайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, мекеме қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі міндеттері:
- Мемлекеттік орган қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау және алдын алу;
- қызметкерлердің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің деңгейін арттыру;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
- басқарушылық және өзге де шешімдер қабылдау кезінде ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету.
- Мемлекеттік органның өз функцияларын жүзеге асыруы және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы кезінде қолданылады;
- Мемлекеттік орган қызметкерлеріне олардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде қолданылады;
- қызметтік қызметті жүзеге асыру, басқарушылық шешімдерді дайындау және қабылдау, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ескеріледі;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына және ішкі құжаттарына сәйкес Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің сақтауы үшін міндетті.
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Мемлекеттік мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты болады.
2-тарау. Мемлекеттік орган қызметкерлері мен лауазымды адамдарының мінез-құлық қағидалары
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтайды;
- заңдылық, әділдік, адалдық, объективтілік және бейтараптық қағидаттарын сақтайды;
- жалпыға бірдей қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтайды, жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ әріптестерімен өзара қарым-қатынас жасау кезінде сыпайылық, әдептілік және құрмет танытады;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді;
- жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына кедергі келтіретін әрекеттерге немесе әрекетсіздікке жол бермейді;
- өзге адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға көндірмейді;
- өзінің лауазымдық жағдайын және онымен байланысты мүмкіндіктерді жеке, мүліктік немесе мүліктік емес мүдделерде пайдаланбайды;
- қызметтік және қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратты мүліктік немесе мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында пайдаланбайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты сыйақыларды, сыйлықтарды, көрсетілетін қызметтерді немесе өзге де игіліктерді қабылдамайды;
- лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жекелеген жеке және заңды тұлғаларға артықшылық бермейді;
- дөрекілік, біржақтылық, негізсіз бюрократизм және әуре-сарсаңға салу көріністеріне жол бермейді;
- азаматтардың, заңды тұлғалар өкілдерінің және Мемлекеттік орган қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ұйымдардың, Мемлекеттік орган қызметкерлерінің және өзге де адамдардың қызметіне құқыққа сыйымсыз ықпал ету үшін өзінің лауазымдық жағдайын пайдаланбайды;
- көрінеу анық емес мәліметтерді таратпайды;
- жеке және заңды тұлғаларға ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен ұсынады;
- негізделген сын айтқаны үшін адамдарды қудалауға жол бермейді және кемшіліктерді жою, сондай-ақ жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында сындарлы сынды пайдаланады;
- құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және оның Мемлекеттік орган қызметкерлері арасында қалыптастырылуына жәрдемдеседі;
- Мемлекеттік органның мүдделеріне қайшы келетін, жекелеген адамдарға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға жәрдемдесуге бағытталған әрекеттерді жасамайды;
- жеке пайда алу мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді пайдалануға жол бермейді;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін және қызметтік мінез-құлыққа қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды тиісті қызметкерлерге қолданылатын бөлігінде сақтайды.
3-тарау. Басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезіндегі қағидалар
- өз функцияларын тек өздеріне берілген лауазымдық өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады;
- қабылданатын шешімдердің заңдылығын, негізділігін, объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз етеді;
- заңды негіздер болмаған жағдайда жекелеген жеке немесе заңды тұлғалардың мүдделері үшін шешімдер қабылдауға жол бермейді;
- жеке және заңды тұлғаларға артықшылық бермейді және олардың ықпалына тәуелділікке жол бермейді;
- өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға көндіру фактілері туралы тікелей басшысына дереу хабарлайды;
- лауазымдық міндеттерін объективті орындауға ықпал етуі мүмкін мүдделер қақтығысы немесе жеке мүдделілігі туындаған жағдайда, бұл туралы тікелей басшысына хабарлайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
- тікелей басшыда мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, жоғары тұрған басшылыққа жүгінеді;
- лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты құқыққа сыйымсыз пайда, сыйлықтар не өзге де артықшылықтар ұсыну туралы ұсыныстар алған жағдайда, бұл туралы басшылыққа дереу хабарлайды;
- алынған тапсырманың заңдылығына күмән туындаған жағдайда, бұл туралы белгіленген тәртіппен тікелей басшысына дереу хабарлайды;
- мүліктік немесе өзге де жеке пайда алу мақсатында әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды адамдарға қызметтік міндеттеріне қатысы жоқ қызметтер көрсетпейді;
- бағынысты қызметкерлер арасында еңбек жүктемесінің біркелкі емес және негізсіз бөлінуіне жол бермейді;
- бағынысты қызметкерлердің міндеттерін, құқықтарын, міндеттемелерін және өкілеттіктерінің көлемін нақты айқындайды;
- қызметкерлердің қызмет нәтижелерін бағалау, көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолдану кезінде объективтілік пен әділдікті қамтамасыз етеді;
- бағынысты қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты емес мәселелерді шешу кезінде оларға құқыққа сыйымсыз ықпал ету үшін өзінің лауазымдық жағдайын пайдаланбайды;
- жеке мүдделіліктің ықпалымен шешімдер қабылдауға жол бермейді.
4-тарау. Мемлекеттік органның ішкі құжаттарының жобаларын әзірлеу кезіндегі қағидалар
- азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері ескеріледі;
- құжаттар жобаларының Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігі қамтамасыз етіледі;
- Мемлекеттік органның құзыреті шегінен шығатын ережелерді енгізуге жол берілмейді;
- Мемлекеттік органның, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзуға жол берілмейді;
- басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметіне қатысты құжаттардың жобалары белгіленген тәртіппен тиісті құрылымдық бөлімшелермен келісуге жатады;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жағдай жасайтын ережелерді енгізуге жол берілмейді;
- заңнамада көзделген негіздерсіз жекелеген жеке немесе заңды тұлғалардың мүдделері үшін нормалар мен шешімдер қабылдауға жол берілмейді;
- тұжырымдардың анық, нақты және бірмағыналы болуы, олардың еркін түсіндірілу мүмкіндігін болғызбауы қамтамасыз етіледі;
- құжаттарды әзірлеу кезінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ескеріледі және оларды барынша азайту жөнінде шаралар қабылданады.
5-тарау. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі қағидалар
- мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады;
- бюджет қаражатының ұтымды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуы үшін тең жағдайлар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын, айқындылығын және объективтілігін қамтамасыз етеді;
- бәсекелестікті шектейтін негізсіз талаптар белгілеуге жол бермейді;
- жекелеген әлеуетті өнім берушілерге негізсіз артықшылықтар беруге жол бермейді;
- жеке мүдделері не жекелеген жеке немесе заңды тұлғалардың мүдделері үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне араласуға жол бермейді;
- мемлекеттік сатып алуды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу кезінде мүдделер қақтығысына жол бермейді;
- мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда бұл туралы уақтылы хабарлайды және оны реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатысуы шектелген немесе оған тыйым салынған жағдайларда әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуына жол бермейді;
- мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді, оның ішінде атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің болуы және әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілуіне байланысты шектеулерді ескереді;
- мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға байланысты алынған қызметтік ақпаратты жеке мақсаттарда не жекелеген әлеуетті өнім берушілердің мүдделері үшін пайдаланбайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу процесіндегі шешімдер мен әрекеттердің құжаттамалық тіркелуін қамтамасыз етед.
6-тарау. Мемлекеттік органның қызметінде туындайтын өзге де қатынастар кезіндегі мінез-құлық қағидалары
- өтініштер мен сұрау салуларды қабылдаудан негізсіз бас тартуға жол берілмейді;
- өтініштерді қарау мерзімдерін созбалаңға салуға және негізсіз ұзартуға жол берілмейді;
- Мемлекеттік органның құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен анық және толық ақпарат беріледі;
- азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау қамтамасыз етіледі;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралады;
- дөрекілікке, адамның қадір-қасиетін қорлауға, әдепсіздікке және әдепке жатпайтын мінез-құлыққа жол берілмейді;
- жеке мүліктік немесе мүліктік емес пайда алу үшін лауазымдық өкілеттіктерді пайдалануға жол берілмейді;
- кадрларды туыстық, жерлестік, жеке берілгендік белгілері бойынша және өзге де қызметтік емес негіздер бойынша іріктеуге және орналастыруға жол берілмейді;
- кадрларды іріктеу және орналастыру кезінде кәсібилік, құзыреттілік және меритократия қағидаттарының сақталуы қамтамасыз етіледі;
- анық орындалмайтын тапсырмаларды, қызметкердің лауазымдық міндеттеріне қатысы жоқ тапсырмаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін тапсырмаларды беруге жол берілмейді;
- Мемлекеттік орган қызметкерлерін жеке, қызметтен тыс тапсырмалар мен міндеттерді орындауға тартуға жол берілмейді;
- Мемлекеттік орган қызметкерлерінің бағынысты қызметкерлермен немесе өздеріне қызметтік тәуелділіктегі адамдармен мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысуына жол берілмейді;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің және қызметтік мінез-құлықты реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақталады;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының өздеріне белгілі болған фактілері туралы Мемлекеттік органның басшылығына, ал заңнамада көзделген жағдайларда құқық қорғау органдарына дереу хабарланады;
- тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жол берілмейді;
- басшылардың заңды тапсырмалары, сондай-ақ Мемлекеттік органның лауазымды адамдарының өз құзыреті шегінде шығарған бұйрықтары мен өкімдері орындалады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Мемлекеттік орган қызметкерлерінің жеке өмірі, ар-намысы мен қадір-қасиеті туралы мәліметтер жария етілмейді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулер мен тыйымдар сақталады.
7-тарау. Мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу
- жеке мүдделері мен лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауы арасында мүдделер қақтығысының туындауына жол бермейді;
- мүдделер қақтығысы туындаған немесе оның туындауына әкеп соғуы мүмкін мән-жайлар пайда болған жағдайда, бұл туралы тікелей басшысына уақтылы хабарлайды;
- егер заңнамада өзгеше көзделмесе, жеке мүдделілігі бар мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатыспайды;
- мүдделер қақтығысының туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды;
- тікелей басшыда мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, бұл туралы жоғары тұрған басшылыққа хабарлайды.
8-тарау. Сыбайлас жемқорлық көріністері туралы хабарлау