Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қыркүйекте өткен Біржан сал ауданы Мамай ауылының әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қыркүйекте өткен Біржан сал ауданы Мамай ауылының әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама

 

2026 жылғы 13 қыркүйекте Біржан сал ауданы Мамай ауылының әкімін бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

 

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14–бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Біржан сал ауданының Мамай ауылы әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Мамай ауылы әкімінің сайлауы бойынша Мамай сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 137 азамат енгізілді, олардың ішінде 102 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 5, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 11. 

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:                           

О.В. Жукова – 7; А.Ж. Қаматаева – 18; А.Ж. Мусин – 61.

Мамай ауылының әкімі болып Ардақ Жүнісұлы Мусин, 1985 жылы туған, Біржан сал ауданының «Мамай ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Степняк қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

 

 

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қыркүйекте өткен Біржан сал ауданы Мамай ауылының әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама
Дата публикации
14 сентября 2026