Біржан сал ауданының Уәлихан және Үлгі ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерінің шекаралары,
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
орналасқан жері мен құрамы туралы
Хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 26 тамыздағы «Біржан сал ауданының Уәлихан және Үлгі ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы» № 90 қаулысына сәйкес, сайлау округтерінің шекаралары, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз:
Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Уәлихан ауылдық округі шекарасындағы Уәлихан сайлау округі.
Біржан сал ауданының Үлгі ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Үлгі ауылдық округі шекарасындағы Үлгі сайлау округі.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Жақан Сыздықов көшесі, 2а құрылыс, 13, 17 каб., тел.: 8 (71639) 2-22-27.
Комиссия төрағасы – Шәуенов Серік Жанатұлы; төрағаның орынбасары - Ақышев Қуат Қажыбайұлы; хатшысы – Бермағанбетова Зылқия Қантайқызы; комиссия мүшелері: Баяубаев Саят Аманжолұлы, Мамиков Бектас Өренханұлы, Нәтиева Динара Көпжасарқызы, Нұрғалиев Руслан Наилұлы.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы