Ақмола облысы Біржан сал ауданының сайлау учаскесінің шекарасы, учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы
хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабының 2-тармағына, 23-бабының 5-тармағына, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 5 тамыздағы «Біржан сал ауданының Мамай ауылының әкімін кезекті сайлауды тағайындау туралы» № 87 қаулысына, Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 6 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне сәйкес, Біржан сал ауданының сайлау учаскесінің шекарасын, учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамын хабарлаймыз.
№ 255 сайлау учаскесі
Орналасқан орны: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Мамай ауылы, «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Мамай ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Шоқан Уәлиханов көшесі, 11 құрылыс, тел: 8 (71639) 2-47-75.
Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Мамай ауылы.
Комиссия құрамы: төраға - Хойчбай Ермұрат; төрағаның орынбасары – Рамазанова Самал Төлешқызы; хатшы - Төкенова Айғаным Абайқызы; комиссия мүшелері: Антаева Бибигүл Жанболатқызы, Төкенова Әлия Сағадатқызы.
Біржан сал ауданының әкімі
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы