Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №19 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының
№ 19 ХАТТАМАСЫ
Степняк қ. 2026 жылғы 22 маусым
Конкурсты өткізу орны: Степняк қ., Біржан сал көшесі, 23, 2-қабат, Біржан сал ауданы әкімдігінің аудан әкімі орынбасарының кабинеті.
Жер комиссиясының құрамы:
Сабыров Ерсайын Тендікұлы – Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Балташева Анар Әлібекқызы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Мамиков Бектас Өренханұлы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.
Шаймерденов Кәрібай Даулетханұлы – Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.
Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Курылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.
Еркебаев Оразалы Махамадиұлы – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Буланды аудандық филиалының директоры (келісім бойынша).
Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).
Әльжанов Арман Жасырбайұлы – Степняк қаласы жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша).
Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы – Біржан сал ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).
Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша).
Мұрсалимов Сайран Тапешұлы – Бирсуат ауылдық округінің әкімі.
Төлеуов Амантай Бопанұлы – жергілікті қоғамдастық жиналысымен делегатталған Бирсуат ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының мүшесі.
Қатыспаған комиссия мүшелері:
Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Кұрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, комиссия мүшесі.
Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы, осы лотқа конкурстық өтінім беруіне байланысты өздігінен бас тарту (самоотвод).
Кворум сақталды. Комиссия отырысы заңды деп танылады.
Күн тәртібінде:
Комиссия хатшысы А.Ә. Балташева Біржан сал ауданының әкімдігіне келіп түскен келесі конкурстық өтінімдер жер комиссиясының қарауына шығарылатынын хабарлады:
№ 19 лотқа – Бирсуат ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 506,0 га ауыл шаруашылығы алқаптары, соның ішінде егістік – 506,0 га жер учаскесі:
|
№ |
№ 19 лот бойынша қатысушылар |
|
1 |
«Колюня» ШҚ, Довгаль Наталья Николаевна |
|
2 |
«TASSU AGRO» ЖШС |
|
3 |
«Big Farm» ШҚ, Күлмағамбетов А.М. |
|
4 |
Хойчбай Ермурат |
|
5 |
Шалабаев Самат Сагадатович |
Қағидалардың 23-тармағына сәйкес, осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар келесі міндеттемелер критерийлері бойынша беріледі:
1) жер учаскесін жалға алудың алғашқы бес жылында 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
суарылмайтын егістікке:
50-ге дейін – 1 балл;
50-ден 70-ке дейін – 2 балл;
70-тен 90-ға дейін – 3 балл;
90-нан 110-ға дейін – 4 балл;
110-нан жоғары – 5 балл;
2) меншігінде ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
5 бірліктен аз – 5 балл;
5 және одан көп бірлік – 10 балл;
3) технологикалық жабдықтардың болуы:
1 бірлік – 1 балл;
2 және одан көп бірлік – 3 балл;
5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
5 білікті маманнан аз – 5 балл;
5 және одан да көп білікті маман – 10 балл.
|
Т/н |
№ 19 лот |
Берілген балдар |
|
1 |
«Колюня» ШҚ, Довгаль Наталья Николаевна |
28 б. |
|
2 |
«TASSU AGRO» ЖШС |
18 б. |
|
3 |
«Big Farm» ШҚ, Күлмағамбетов А.М. |
25 б. |
|
4 |
Хойчбай Ермурат |
25 б. |
|
5 |
Шалабаев Самат Сагадатович |
38 б. |
Жер комиссиясы қатысушылардың инвестицияға жұмсайтын шығындарын ескеру қажет деп шешті, осылайша № 19 лот бойынша конкурс қатысушыларының конкурстық ұсыныстарын қарау, салыстыру қорытындысы бойынша жер комиссиясы міндеттемелер критерийлерін ескере отырып, балдар беру арқылы түскен конкурстық ұсыныстар бойынша дауыс берді.
Конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша, жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушылардың бизнес-жоспарын баллдық бағалау тәртібіне сәйкес Шалабаев Самат Сагадатович ең жоғары балл жинады.
№ 19 лотқа – Бирсуат ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 506,0 га ауыл шаруашылығы алқаптары, соның ішінде егістік – 506,0 га жер учаскесі бойынша ең жоғары балл (38 балл) жинаған Шалабаев Самат Сагадатович жеңімпаз деп танылды.